Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті

    Сот шешімімен Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес кәмелетке толмаған баласы мемлекет қамқорлығына алынды. Қамқоршылық мәселесін Атырау облыстық білім басқармасы шешеді.

    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті

    Сурет: infohub.kz

    Сот шешімімен Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес кәмелетке толмаған баласының қайда орналасатыны белгілі болды. Істі қараған судья Зарема Хамидуллина балалардың қамқоршылық мәселесін Атырау облыстық білім басқармасына тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сондай-ақ сот Қызылқоға аудандық әкімдігіне Жангелдин ауылындағы марқұмдардың үйіне мұрагерлік құқықты ресімдеуді міндеттеді. Бұл балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті шара, — деп түсіндірді судья.

    Сұлтан Сәрсемәлиев — бес баланың әкесі, оның ішінде ең кішкентайы 2025 жылы туылған. 2026 жылдың 3 ақпанында аудандық кәмелетке толмағандар комиссиясы балаларды мемлекет қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін оларға Сәрсемәлиевтің анасы қарап жүрген. Алғашында үш үлкен бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал екі кішісі (бір және үш жастағы) арнайы балалар үйіне жіберілген. Кейін төрт бала (үш пен тоғыз жас аралығында) Атыраудағы бейімдеу орталығында, ал ең кішісі арнаулы мекемеде тәрбиеленіп жатқаны анықталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →