Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді •

    Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды

    Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды

    Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп аумағында ойнап жүрген бесінші сынып оқушысы ток соғуынан көз жұмды. Қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 9 шілдеде қыз оқитын мектептің ауласында болған. Бала ойнап жүріп, есігі құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Сол жерде оны электр тогы соққан.

    Зардап шеккен оқушы Жаркент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Алдын ала диагнозда электр тогынан зақымдану көрсетілген.

    Марқұм қыз 10 шілдеде 10 жасқа толуы керек болған.

    Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету немесе жұмыс орындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Қазіргі уақытта нысанның қауіпсіздігіне және оны пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті тексеріліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға кіріскен.

    Сондай-ақ осындай жазатайым оқиғалардың қайталануына жол бермеу мақсатында анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде уәкілетті органдарға нұсқама жолданған.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды. Істің барысы полиция басшылығының бақылауына алынған.

    Фотоколлаж: ЖИ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →