Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр •

    Ажал аймағы: СҚО мен Қостанай облысынның арасындағы трасса қирап жатыр

    Ажал аймағы: СҚО мен Қостанай облысынның арасындағы трасса қирап жатыр

    Фото: видео скриншот

    Қостанай облысының теп-тегіс асфальты аяқталып, Солтүстік Қазақстан облысының аумағына өткен сәтте жүргізушілер нағыз жол апатына тап болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Екі өңірдің әкімшілік шекарасындағы бұл көрініс СҚО әкімдігінің жол жөндеуге жауапты шенеуніктері өз міндетіне салғырт қарағанын көрсетеді. Жүргізушілердің айтуынша, облысқа кіре беріс жол атқылаудан кейінгі полигонды елестетеді: шұңқырдан көз сүрінеді, ал өткір жиекті орындар көліктің тас-талқанын шығаруда.

    Темір тұлпарларын аман сақтағысы келген жеңіл және ауыр жүк көліктерінің иелері қарсы бағытқа шығып немесе жол жиегіне қашып, өмірлерін қауіпке тігуге мәжбүр. Таяуда басталатын егін жинау науқанында бұл жолмен мыңдаған ауыр астық тасығыштар мен ауыл шаруашылығы техникасы жүретінін ескерсек, онсыз да қираған трассаның күлі көкке ұшқалы тұр.

    СҚО басшылығы халықтың ашу-ызасын тудырған осы масқараны қашан реттейді, әлде егін орағының тоқтауын күтіп отыр ма?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →