Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні

    Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген

    Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген

    Ақтөбе қаласының «Алтын орда» 41Б (2-корпус) тұрғындары өз аулаларында балалар ойнайтын алаң мен көлік тұрағының орнына тақыр жер мен қоқыс жәшігін ғана көріп, жер сипап қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «Эвелина» ЖШС құрылыс компаниясы тұрғындарға жайлы аула уәде еткенімен, іс жүзінде жоба бойынша балалар алаңы мен автотұрақ түсуі тиіс жер телімін басқа біреуге сатып жіберген. Бұл аздай, үйдің инженерлік желілері мен қазандығының мүшкіл халіне байланысты тұрғындардың шағымына былтырғы қыркүйектен бері ешқандай жауап жоқ.

    Жергілікті әкімдік болса, жекеменшік құрылыс салушының халықты ап-анық алдап, жобаны өз бетінше өзгертіп жіберген сорақылығына көз жұмып, әлі күнге дейін бейқам отыр. Тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін бұл мәселені ақпараттық кеңістікте жариялаудан басқа амал таппай, әкімдік пен құзырлы органдардан нақты іс-қимыл талап етуде.

    Фото: видеодан скрин

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →