Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні

    Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

    Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үйде өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткер қаза болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданы Уварово ауылындағы Орталық көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

    — Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі жалындаған үйден өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесі жұбайының мәйітін тапты. 80 шаршы метр аумақта жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →