Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді •

    Қарағандыда халық шыр-пыр: құрылыс жұмыстары тұрғындарға қауіп төндіріп отыр

    Қарағандыда халық шыр-пыр: құрылыс жұмыстары тұрғындарға қауіп төндіріп отыр

    Қарағандының Михайловка ауданында тұрғындар белгісіз құрылыс жұмыстарына байланысты дабыл қағып, наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Тұрғындардың сөзіне қарағанда, құрылыс алаңы газ құбыры, канал, магистральдық желілер мен теміржол торабының және зираттың дәл іргесінде орналасқан.

    Жауапсыз мердігерлер теміржол мен тұрғын үйлер арасындағы жалғыз қорғаныш болып тұрған санитарлық жасыл желекті, яғни ағаштарды заңсыз отап тастаған.

    Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев пен қала әкімі Мейрам Кожухов бұл заңсыздыққа неге көз жұмып отыр және бақылау тексерісін неліктен кешіктіруде деген сұрақ туындайды. Жергілікті биліктің мұндай бейқамдығы ертеңгі күні үлкен техногендік апатқа әкеліп соқтырмасына кім кепіл?

    Тұрғындар шенеуніктерден бұл жағдайға шұғыл араласып, құрылысты тоқтатуды талап етеді.

    Фото: kaz.inform.kz

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →