Басты бет » Бразилия футболдан Жапонияны қосымша уақытта ұтып, 1/8 финалға шықты

Бразилия футболдан Жапонияны қосымша уақытта ұтып, 1/8 финалға шықты

Бразилия футболдан Японияны қосымша уақытта ұтып, 1/8 финалға шықты

Бразилия құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Жапонияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Ар-Джи» стадионында өткен матчта бірінші таймда япониялық Каисю Сано гол соғып, есеп ашты. Үзілістен кейін бразилиялықтар екі доп соқты: алдымен Каземиро есепті теңестірсе, қосымша уақытта Габриэл Мартинелли жеңіс добын соқты.

Осылайша Бразилия 1/8 финалға жолдама алды, онда Кот-д’Ивуар мен Норвегия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Ал Жапония 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика