Басты бет » Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам қаза тапты 

Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам қаза тапты 

Фото: depositphotos.com

Еуропа елдерінде аптап ыстық күшейіп, соңғы күндері ауа температурасы +40 градустан асқан. Қатты ыстық салдарына 2026 жылдың 21 маусымнан бері  1300-ден астам адамның қаза тапқаны тіркелген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус  x.com әлеуметтік желіде  мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Еуропада шамамен 150 миллион адам экстремалды аптап ыстық жағдайында өмір сүріп жатыр. Ол Еуропадағы үйлер, жұмыс орындары мен мектептер мұндай жоғары температураға бейімделмегенін, ал аномальды ыстық соңғы жылдары жиі қайталанып келе жатқанын атап өтті. Гебрейесус Еуропаны Жер шарындағы ең тез жылынатын құрлық деп атап, мұнда температура әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жылдам өсіп жатқанын айтты. Ол елдерді аптап ыстық кезінде халық денсаулығын қорғауға арналған ұлттық жоспарларды енгізуге шақырды.

ДДСҰ өкілі ұйым серіктестерімен бірге экстремалды ыстықтың денсаулыққа тигізетін қауіп-қатерін азайту бағытында жұмыс істеп жатқанын, әсіресе алдын алу, дайындық және денсаулық сақтау жүйелерінің әрекетін күшейтуге басымдық берілетінін жеткізді.

«Еуропадағы үйлер, жұмыс орындары мен мектептер мұндай экстремалды температураға бейімделмеген. Біз Еуропа елдерін климаттың өзгеруіне байланысты денсаулықты қорғаудың кең ауқымды стратегиясы аясында аптап ыстық кезінде халықты қорғауға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарларын енгізуге шақырамыз», – деді ол.

Аптап салдарынан мектептер жабылып, электр жүйелеріне жүктеме артқан. Мамандар мұндай жағдайды «үнсіз қанішер» деп атап, оның адам денсаулығына аса қауіпті екенін ескертуде. Францияның Ұлттық қоғамдық денсаулық агенттігі бұған дейін ыстықтан 1000 артық өлім жағдайын тіркегенін хабарлаған. Қайтыс болғандардың басым бөлігі (85%) – 65 жастан асқан адамдар. Қарттар үйлері мен арнайы мекемелер бойынша қосымша деректер түскен сайын қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Маусым айында Еуропаны аномальды аптап ыстық толқыны басып, алдымен Батыс Еуропаны қамтыған, кейін Германия, Чехия және Польшаға тараған. Беларусьта да ауа райына байланысты «қызыл» деңгейлі қауіптілік жарияланып, кей өңірлерде ауа температурасы +39 градусқа дейін жетеді деп болжанған.

Дереккөз: 24.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика