Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді?

    Астанада жүк көлігі мен автобус қатысқан жаппай жол апатында алты адам зардап шекті

    Астанада жүк көлігі мен автобус қатысқан жол апатында алты адам зардап шекті. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

    Астанада жүк көлігі мен автобус қатысқан жаппай жол апатында алты адам зардап шекті

    Сурет: kaztag.kz

    Астанада жүк көлігі, жеңіл автокөлік және автобус қатысқан жол-көлік оқиғасында алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымда Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі Ақжол көшесімен келе жатып, қатар ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Салдарынан ол бір бағытта келе жатқан Changan автокөлігімен соқтығысқан. Соққының күшінен Changan қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Iveco автобусымен беттескен. Жол апаты салдарынан Changan автокөлігінің бес жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген. Тексеруден кейін зардап шеккендер амбулаториялық емдеуге жіберілген.

    Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →