Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қазақстан Президенті мен Бельгия Премьер-министрі кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесіп, саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуды талқылады.

    Қазақстан Президенті мен Бельгия Премьер-министрі кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогты нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі деп атады. Президенттің айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы салған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда Бельгиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 миллиард долларды құрады.

    Өзара сауда айналымы да тұрақты өсіп келеді. Өткен жылы оның көлемі 580 миллион доллардан асты. Қазақстанда Бельгия капиталы қатысқан 110-нан астам компания жұмыс істейді. «Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Танымал бельгиялық компаниялар біздің нарыққа белсенді түрде келуде», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →