Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Президент Токаев Бельгиядағы қандастармен кездесті

    Президент Қасым-Жомарт Токаев Брюссельге сапары барысында Бельгияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесіп, жаңа Конституциямен құттықтады.

    Президент Токаев Бельгиядағы қандастармен кездесті

    Президент Қасым-Жомарт Токаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы қандастарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. «Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірлікпен Конституцияға дауыс берді. Маңызы зор бұл құжат 1 шілдеде күшіне енеді. Ата Заң халқымыздың басты бағдары болады. Жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Токаев шетелде білім алып, еңбек етіп жүрген қандастарға қолдау білдірді. «Біздің елге сіздер сияқты білімді, озық, интеллектуалды жастар керек. Қайда болсам да, жастарды қолдаймын. Бұл жай сөз емес. Жастарды қолдау – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының ажырамас бөлігі. Қазақстандық жастар әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен Президент ретінде мұны құптаймын. Себебі қайда жүрсеңдер де, қазақ болып қаласыңдар. Біз Озат, Әділетті мемлекет болуымыз керек. Осындай мемлекет құру үшін бәріміз бірігіп, жанкешті еңбек етуіміз қажет», – деді Президент.

    Мемлекет басшысы жаңа Ата Заңда білім, ғылым және инновацияларды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде белгіленгенін атап өтті. Ол жастарды көп тіл меңгеруге шақырды.

    Қандастар өздерінің жұмыс пен оқудағы жетістіктерімен, болашақ жоспарларымен бөлісті. KU Leuven университетінің үшінші курс студенті Әлім-Сері Махамбетәлі Бельгиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығының қызметі туралы, ал Аружан Болатбекова Брюссельдегі Kazakh Speaking Club жұмысы туралы баяндады.

    Кездесу соңында Президент Бельгиядағы қазақстандық студенттер мен азаматтарға табыс тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →