Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Назым Қызайбай мен Виктория Графеева Әлем кубогының чемпионы атанды

    Назым Қызайбай мен Виктория Графеева Әлем кубогының чемпионы атанды

    Фото: ҰОК

    Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing аясындағы Әлем кубогында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Турнирдің финалында Назым Қызайбай мен Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды.

    54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы Әлем кубогының алтын жүлдесін иеленді.

    Ал 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Тайвань өкілі, Олимпиада чемпионы Линь Юйтинмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Графеева 3:2 есебімен басым түсті. Алғашқы раундта есе жібергенімен, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесудің тағдырын өз пайдасына шешті.

    Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі алтын медальмен толықты. Назым Қызайбай өз мансабындағы кезекті халықаралық титулын жеңіп алса, Азия чемпионы Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →