Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салмақ

    Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салады. Жаңа ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді.

    Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салмақ

    Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатынын мәлімдеді. Премьер-министр Кир Стармер бұл шешімді «ел үшін тарихи сәт» деп атады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жаңа ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді. Шектеу TikTok, Instagram, Facebook, X, YouTube, Snapchat, Threads, Twitch, Kick және Reddit сияқты платформаларды қамтиды.

    Сонымен қатар билік чат-боттардың жұмысын және кейбір ойын қосымшаларының функцияларын шектеуді жоспарлап отыр. Үкімет жастардың түн бойы әлеуметтік желі лентасын шексіз ақтаруына жол бермеу үшін арнайы уақыттық шектеулер енгізбек.

    Соңғы уақытта Ұлыбритания балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына қатысты қатаң шараларды жиі қолға алып келеді. Бұған дейін елде 2008 жылдың 31 желтоқсанынан кейін туған азаматтарға темекі өнімдерін сатуға толық тыйым салу бастамасы көтерілген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →