«ҚазАвтоЖол» қашанда жауапсыз: Алматы – Қорғас трассасында бетон плитасы қақ айырыл кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Еліміздегі ең ірі тасжолдардың бірі саналатын «Алматы – Қорғас» бағытында жүргізушілердің жағасын ұстатқан кезекті жағдай орын алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Бәйдібек би ауылына бұрылар тұста жолдың бетон плитасы қақ айырылып, көтеріліп кеткен.

Салдарынан бес бірдей жеңіл көлік қатты зақымданып, жүргізушілер шығынға батты. «ҚазАвтоЖолдың» уәжіне сенсек, бұған ауыр жүк көлігінің өтіп кеткені мен күннің ыстығы себеп көрінеді.

Бір қызығы, мемлекеттен миллиардтап қаржы бөлінетін жолдың сапасы неге бір ғана жүк көлігіне шыдас бермейді? Тек осындай апат болғанда ғана мамандар 31 учаскені бақылауға алып, деформациялық жіктерді кесе бастаған.

Мердігер компания зардап шеккендердің шығынын өтеп, айыппұл арқалағанымен, бұл жол сапасының жүйелі мәселесін шешпейді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика