Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Мұхтар Жәкішев: «Нағыз намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді»

    Кәсіпкер Мұхтар Жәкішев қызы Алтынайдың ұзату тойынан кейін алғаш рет үн қатып, өткен өмірі мен сыншыларға қатысты ойын білдірді.

    Мұхтар Жәкішев: «Нағыз намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді»

    Сурет: arasha.kz

    «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішев жуырда өткен қызы Алтынайдың ұзату тойына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялап, өз ойымен бөлісті. Ол бұл тойдың өзі үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жәкішевтің айтуынша, қызы Алтынай мен күйеу баласы Карл алты жылдан бері таныс. Кәсіпкер екі жыл бұрын Карлмен арнайы кездесіп, жастарға өз батасын бергенін жазды. «Оның азаматтық ұстанымы дұрыс, алдына қойған мақсаттары айқын әрі ауқымды. Оның еңбекқорлығына, біліміне және алған бетінен қайтпайтын қайсарлығына қарап, көздеген шыңдарын бағындыратынына кәміл сенемін», – деді ол күйеу баласы туралы.

    Кәсіпкер бұл тойдың өзі үшін мәні бөлек екенін ерекше атап өтті. Ол үлкен қызы Айгерім тұрмысқа шыққанда темір торда отырғанын, сол кезде тек хат арқылы ғана құттықтай алғанын еске алды. «Қызыңның қуанышында қағаздағы құрғақ сөзбен шектелмей, сөзі қағаздан ғана оқылатын адам болмаудың өзі бір ғанибет. Жүрекжарды жылы сөздеріңді өзің айта алуың неткен бақыт!», – деп жазды ол.

    Сонымен қатар, Мұхтар Жәкішев өзі қамауға алынған кезде қызы Алтынайдың небәрі 9 жаста болғанын, бостандыққа шыққанда жиырмаға толғанын айтты. Оның сөзінше, қызы отбасына көрсетілген қысымнан құтылу үшін жат елде, мектеп-интернатта өсуге мәжбүр болған. Ол барлық қиындыққа төтеп беріп, кәсіби журналист және табысты модель ретінде қалыптасқан қызының жетістіктерін мақтан тұтатынын білдірді. Алайда, ең қиын сәттерде қызының жанында бола алмағанына өкінетінін де жасырмады.

    Жазба соңында Жәкішев құттықтау білдірген барша жанға алғысын айтып, күйеу баласының ұлтына қатысты орынсыз пікір жазғандарға жауап берді. «Нағыз намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді. Намыс дегеніміз сол намыс үшін тым жоғары баға төлеуге тура келгенде, адамдық арың мен абыройыңды таза сақтап қала алуыңмен өлшенеді. Ұлттың жаманы болмайды, жаман адамдар болады», – деп түйіндеді сөзін кәсіпкер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →