Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Швециядағы WTT турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Швециядағы WTT турнирінде топ жарды

Сурет: zhaiyqmedia.kz

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсинборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Спортшы 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы сында алтын медаль иеленді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жарыс барысында отандасымыз Швеция, Венгрия, Үндістан, Дания және Польша елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті. Ақтық сында Алан польшалық спортшы Самуэль Михнаны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир чемпионы атанды.

Айта кету керек, осы жеңісінің арқасында Алан Құрманғалиев өзінің әлемдік рейтингісіне 1000 ұпай қосып, позициясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік алды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика