Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы • Байлыққа салынатын салық: Қазақстан халықаралық тәжірибеден нені ескеруі керек? • «Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы • Жалақы салығын бір батырмамен есептеу: жеңілдік пе, әлде бақылау ма? • Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді • WTA Мирра Андрееваның Арина Соболенконы жеңуіне жауап берді • Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы • Байлыққа салынатын салық: Қазақстан халықаралық тәжірибеден нені ескеруі керек? • «Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы • Жалақы салығын бір батырмамен есептеу: жеңілдік пе, әлде бақылау ма? • Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді • WTA Мирра Андрееваның Арина Соболенконы жеңуіне жауап берді •

    Мұхтар Жәкішевтің шетелдік құдалары Алматыда ұлттық дәстүрмен танысты

    «Қазатомөнеркәсіп» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің шетелдік құдалары Алматыға келіп, қазақтың салт-дәстүрімен танысты. Қонақтар Шымбұлақта демалды.

    Мұхтар Жәкішевтің шетелдік құдалары Алматыда ұлттық дәстүрмен танысты

    Сурет: politico.kz

    «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шетелдік құдалары Алматыға келді. Жақында Лондонда қызы Алтынайды ұзатқан кәсіпкердің отбасы тойды қазақ жерінде жалғастыруда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мұхтар Жәкішевтің құдағиы Эне Оби әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы сапарынан алған әсерімен бөлісті. Шетелдік меймандар «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барып, атқа мініп, садақ атып, алтыбақан тепкен. Сондай-ақ олар келін түсіру сынды қазақтың дәстүрлі жоралғыларына куә болған.

    Эне Оби қазақ мәдениеті мен тарихымен жақынырақ танысқанына қуанышты екенін жеткізді. Ол жаңа құдаларының қонақжайлылығына ерекше тәнті болғанын және саяхаттың әлемді тануға зор мүмкіндік бергенін атап өтті. «Алматыға келіп, құдаларымызбен танысқаныма өте ризамын», — деп жазды ол.

    Айта кетейік, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Лондонда тұрады және модельдік бизнеспен айналысады. Оның әкесі Мұхтар Жәкішев 1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясын басқарған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →