Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі

    Атырау футбол клубы толықтай жекеменшікке өтті

    Атырау футбол клубы толықтай жекеменшікке өтті

    Фото: Атырау облысы әкімдігі

    «Атырау» футбол клубы толықтай жекеменшік басқаруға өтті. Енді клубтың 100 пайыз үлесі «Caspian Football Group» ЖШС-не тиесілі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Мұндай мәліметтті Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы жариялады. Бұл өзгеріс Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.

    Футбол клубының жаңа иесі – Болат Қонарбай. Жаңа басшылық өңірлік футболды дамытуға бағытталған бірқатар бастаманы жариялады. Жоспарларында балаларға арналған футбол академиясын салу, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атыраудағы футболдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар. Бұл талап әкімдік тарапынан қойылған еді.

    Сондай-ақ клубқа қосымша инвестиция тарту арқылы материалдық-техникалық базаны күшейту және кәсіби футболды жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →