Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Баладан не сұраймыз?!»: Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кештерінде 500 адамға жасаған дарақылық жайлы айтты

«Баладан не сұраймыз?!»: Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кештерінде 500 адамға жасаған дарақылық жайлы айтты

Фото: baq.kz

Мектеп бітіру кештеріндегі даңғазалық пен қымбат шығындарға тек оқушыларды кінәлау — әділетсіздік. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, жастардың мұндай қадамдарға баруына ең алдымен үлкендердің өмір сүру салты мен қоғамда қалыптасқан «тойшыл» құндылықтар тікелей әсер етіп отыр.

«Біз өзіміз күнделікті өмірде 500 адам шақырып, дүркіретіп той жасап жатқанда, мектеп бітіруші түлектерден басқаша мінез-құлық күту қисынсыз. Балалар — қоғамның айнасы. Олар біздің жасап жатқан ісімізді көріп, соны қайталайды», — деді Аймағамбетов.

Депутат бұл мәселеде тек мектепті немесе оқушыларды ғана кінәлай бермей, мәселенің тамырына үңілу керектігін алға тартты. Оның пікірінше, жауапкершілік толығымен ересектерге — ата-аналар мен жалпы қоғамға жүктеледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →