Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

    Астанада Бейімбет Майлин ескерткішіне шыққан бойжеткен жауапқа тартылды

    Астанада Қаламгерлер аллеясындағы Бейімбет Майлин ескерткішіне шыққан 18 жастағы бойжеткен ұсталып, үстінен әкімшілік іс қозғалды.

    Астанада Бейімбет Майлин ескерткішіне шыққан бойжеткен жауапқа тартылды

    Сурет: politico.kz

    Астанада жазушы Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып, қоғамдық орынға құрметсіздік танытқан 18 жастағы бойжеткен ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға елордадағы Қаламгерлер аллеясында болған. Куәгерлердің бірі «Үш бәйтерек» монументі маңындағы ескерткіштің үстіне шығып суретке түскен қыздың әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Желі қолданушылары мәдени нысанға жасалған бұл әрекетті сынға алып, қызу талқылады.

    Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға байланысты Астана қаласының полиция департаменті жедел шара қолданды. Тәртіп сақшылары бейнежазбадағы бойжеткеннің жеке басын анықтап, Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізді. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

    Полиция департаменті азаматтарға мәдениет нысандары мен тарихи мұраларға құрметпен қарау қажеттігін ескертеді. Ведомствоның хабарлауынша, ескерткіштерді, мәдени және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм ретінде сараланып, заңмен белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →