Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер •

    Путиннің сапарына орай Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады

    Астанада Ресей президенті Владимир Путиннің сапарына орай әскери ұшақтар жаттығу өткізеді. Қорғаныс министрлігі тұрғындарды уақытша шуға дайын болуға шақырды.

    Путиннің сапарына орай Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады

    Сурет: orda.kz

    Астана аспанында 24 мамырдан бастап әскери авиацияның жаттығу ұшулары өтеді. Бұл шара Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарына дайындық аясында ұйымдастырылып отыр, ал жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы 28 мамырға жоспарланған деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу кезінде ұшақтар түрлі-түсті түтін қолданады. Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарын жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезінде шу деңгейінің уақытша артуы мүмкін екенін ескертіп, түсіністікпен қарауға шақырады.

    Министрлік барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылғанын және халыққа ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті. Сондай-ақ қолданылатын түрлі-түсті түтіннің тек көрсетілімдік сипатта екені және қоршаған ортаға зияны жоқ екені айтылды.

    Ресей президенті Владимир Путин 28-29 мамыр күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ Қазақстанның төрағалығымен Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне қатысады. Сапар бағдарламасы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ресми келіссөздер жүргізу де жоспарланған.

    Айта кетейік, осыған ұқсас жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуына дайындық 15 мамырда Түркия президентінің Қазақстанға сапары алдында да өткен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →