Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны құрдастары аяусыз соққыға жықты

    Астана мектептерінің бірінде ерекше қажеттілігі бар жасөспірімді құрдастары соққыға жықты. Полиция шабуылдаушының ата-анасын жауапқа тартты.

    Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны құрдастары аяусыз соққыға жықты

    Астанада ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімді құрдастары топ болып соққыға жықты. Қайғылы оқиға туралы жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Анасының айтуынша, оның ұлы сабақтан шыққан кезде оған артынан шабуыл жасалған. «Оны қылғындырып, 15-тен астам соққы жасады. Басқалары айналада тұрып, ешкімнің араша түсуіне мүмкіндік бермеген. Менің ұлымның психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, ол өзіне не үшін мұндай қастандық жасалғанын түсінген де жоқ. Айналадағы балалар бұл көріністі күліп, телефонға түсіріп тұрды», – дейді жәбірленушінің анасы.

    Оқиғаға қатысты Есіл ауданының полициясы түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, шабуыл жасаған жасөспірімнің заңды өкілі баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Сондай-ақ полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен және ата-аналармен бірлесіп, болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеу және оқушылардың тәртібін бақылауды күшейту мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізгені хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →