Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Гүлзира Айдарбекова халыққа қайғылы хабар жеткізді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның мезгілсіз қазасына байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялап, көңіл айтты.

Гүлзира Айдарбекова халыққа қайғылы хабар жеткізді

Сурет: kznews.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айтты. Продюсер марқұммен өте жақын араласқанын, оны туған сіңлісіндей көргенін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Өнер иесінің айтуынша, ол қайғылы хабарды Шымкент қаласына ұшып келгенде естіген. Продюсер Сәуле Базарханмен бірге Ташкенттегі концерттен кейін демалуды жоспарлап, сапарды алдын ала ұйымдастырған екен. Суық хабарды естіген соң, ол жоспарын кейінге қалдырып, марқұммен қоштасу үшін дереу кері қайтқан.

Гүлзира Айдарбекова Сәуле Базарханды жер қойнына тапсырмай тұрып, соңғы рет көріп қалуды қалағанын жазды. «Үйіне бардым, кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді», – деп сипаттады ол марқұмды. Сол күні кешке марқұмның бауырлары мен жақын құрбылары жиналып, оны еске алған.

Келесі күні Ташкентте өтетін концертіне байланысты продюсер амалсыз кері ұшуға мәжбүр болғанын жеткізді. Алайда ол балалары Жұлдыз, Заңғар және Индираға жаназа мен құран оқыту рәсіміне қатысуды тапсырған. Айдарбекованың жазуынша, қоштасуға келгендердің барлығы марқұмды қимастықпен еске алып, көз жасын тыя алмаған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика