Коллаж: qazaqtoday.info
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға ренішін білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Айтуынша Роза ханым сұхбат бергенде «концертіне әкімдік адамдарды қинап кіргізеді» деп Мақпал ханымды меңзеген.
«Жаңа маған бір хабар түсті. Роза Рымбаева апамыз «Осы кейбір әншілердің концертіне әкімдік қинап кіргізеді екен адамдарды» деп сұхбат берген екен. Соған елдер «Мақпалдың концертіне елдерді қинап кіргізеді» деп жазып жатыр екен. Сол кісілерге «Оттамаңдар» деп айтқым келеді. Мен өмірімде әкімдікке барып «маған концерт жасап беріңдер» деп айтып көрмеппін. Менің концертіме халық өзі келеді. Сондықтан өтірікті кішкене растау қылып айтыңдар. Менімен бірге гастрольге шығып тексеріңіздер. Бір әкімдікке кіріп көрмеген адаммын. Рәкең өзінің концертіне солай жасайтын шығар мүмкін. Менің концертімде ондай болмаған және болмайды да! Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді», — деді өнер иесі.
Көпшілік Мақпал ханымды қолдап, түрлі пікір қалдырды.
«Мақпалжан, дұрыс айттыңыз! Ол кісінің тілі «ұзындау» екен», «Әркімнің сөзіне ренжи берме сіңілім», «Роза апамның неғып олай айтқанын түсінемін, оның концертіне де көптеп барып жатқанын байқамаппын, негізі қызғаныш қынжылтады, солай деп айтқаны дұрыс болмады», «Ел айтты деп, бекерге сөзге ермеген дұрыс ,қате ақпарат болуы мүмкін…», — деп жазды желі қолданушылары.
