Қытайда бір тәулікете екі рет жер сілкінді

Фото: Анадолы

Қытайда магнитудасы 5,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Институттың Жер сілкіністері деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 3 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 23:39–да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Мамандардың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 болған, ал ошағы 10,8 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, Қытайда бір күнде осымен екі мәрте жер сілкінді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика