Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

    Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

    Фото: instagram.com/serikbay_sultan

    Шымкент қаласында болған Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Құзырлы органдар істің ең маңызды кезеңдерінің бірі — сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

    Қоғамды дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді. Сараптама нәтижесі күдіктінің қылмыс жасаған сәтте өз іс-әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

    «Тергеу амалдары аяқталуға жақын. Жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, күдікті «есі дұрыс» деп танылды. Ол заң алдында өз іс-әрекетіне толықтай жауап береді», — деді ҚР ІІМ вице-министрі Санжар Әділов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →