Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды •

    БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаға қатысты қарар қабылдады

    141 ел соғысты дереу тоқтатып, Ресей әскерінің Украина аумағынан шығарылуына дауыс берді. Бес мемлекет қарсылық білдірді. Ал 35 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

    Кезектен тыс шақырылған төтенше сессияда қаулы қабылданды. Құжатта күш қолдануды дереу тоқтату, сондай-ақ Ресейдің барлық әскерлерін Украинаның халықаралық мойындаған шекарасынан толық шығару талаптары бар. Сонымен қатар қарар Мәскеуді ДНР мен ЛНР тәуелсіздігін тану туралы шешімнің күшін жоюға шақырады.

    «Бас Ассамблеяның жолдауы анық: Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатыңыз, қарудың дауысы өшсін, диалог пен дипломатияға шақырамыз. Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі БҰҰ Жарғысына сәйкес сақталуы керек. Жоғалтатын бір минутымыз да жоқ. Қазір Украина халқының жағдайы ауыр және одан да нашарлауы мүмкін», — деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

    Ал БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Батыс елдері қарарға дауыс беру үшін БҰҰ делегацияларының өкілдеріне тікелей қоқан-лоққы жасағанын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →