Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті •

    Рыбакина Мадридте камбэк жасады: Олимпиада чемпионы тізе бүкті

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньді үш сеттік тартысты ойында жеңді.

    Рыбакина Мадридте камбэк жасады: Олимпиада чемпионы тізе бүкті
    file_872.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші кезеңде планетаның 36-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесті. Тартысқа толы матч үш сетке созылып, 2 сағат 21 минутқа созылды.

    Бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілген Рыбакина нағыз спорттық мінез танытып, ойын барысын өзгерте алды. Ол келесі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен басым түсіп, тамаша камбэк жасады.

    Кездесу барысында қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді. Сондай-ақ тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

    Төртінші айналымда Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Потапова мен латвиялық Елена Остапенко арасындағы матчтың жеңімпазымен кортқа шығады.

    Фото: Clive Brunskill / Getty Images

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →