Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Меруерт Түсіпбаева мен Ләйлә Сұлтанқызы дауласып қалды (ФОТО)

    Меруерт Түсіпбаева мен Ләйлә Сұлтанқызы дауласып қалды (ФОТО)

    Коллаж: Видеодан алынған кадр 

    Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарын есірткіге тексеру қажет деген ұсыныс айтқан журналист Ләйлә Сұлтанқызына қатысты пікір білдіріп, оны қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

    Өнер иесі қоғамда бұдан да маңызды мәселелер жеткілікті екенін алға тартып, журналистің бастамасына күмән келтірді.

    ”Мемлекетте басқа мәселе жоқ па? Халыққа бұдан не пайда, Ләйлә? Біздің елде басқа мәселе жоқ па? Тістерің тек өнер адамдарына ғана бата ма? Біресе Меккеге барған өнер адамдарына, біресе ажырасқан әртістерге, енді олардың есірткі қабылдауын тексеру қалды ма? Мықты болсаңдар басқа мәселені неге көтермейсіңдер? Халқыма пайдалы мәселе жоқ па? Бітті ме? Әртістің көрпесін көтеру ғана қалды ма”, — деп жазды әнші.

    Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы бұл пікірге жауап беріп, мәселенің ауқымы кең екенін атап өтті. Оның айтуынша, әңгіме тек өнер адамдары емес, жалпы қоғамға әсер ететін тұлғалар туралы болып отыр.

    ”Меруерт жалпы не айтылғанымен, басқамен таныс болдың ба? Жастардың, балалардың арасындағы жағдай сені мазаламай ма? Денсаулықтары мазаламай ма? Әлде олар маңызды емес пе? Әңгіме жалпы танымал адамдар туралы және Түркиядағы жағдай мысалға алынған тұғын. Қоғамға әсер алатындар туралы, күрестің жан-жақты болуы туралы. Жаны, тәні, денсаулығы тазалар ештеңе ойламайды, керісінше бірге күрседі. Айналадағы ласпен”, — деп пікір қалдырды журналист.

    Ал Меруерт Түсіпбаева бұл жауапқа қарсы уәж айтып, тек өнер адамдарын ғана емес, барлық саланы қамту керектігін жеткізді.

    ”Басқа саладағы адамдар судай таза, сонда әртістер ғана шөп шеге ме? Онда толығымен барлығы тест өтсін”, — деп жауап берді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →