Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты •

    «Тірімін» деп жауап қатты»: Гүлнұр Мамасарипова күйеуімен болған әңгімені жайып салды

    «Тірімін» деп жауап қатты»: Гүлнұр Мамасарипова күйеуімен болған әңгімені жайып салды
    Фото: gulnur_mamasaripova парақшасынан

    Қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде отбасы, уақыт және қарым-қатынас жайлы ой бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол жазбасында жас кездегі көзқарас пен уақыт өте келе өзгеретін түсініктер туралы айтып өтті:

    «Елуден кейін бәрі басқаша болады екен қыздар, қазір күйеулерің өзіне көп алып жүрсе түк ренжімеңдер, уақыт келеді екен. Бұрын “звондай бермеш” дегеннің орнына “неге звондамайсың” дейтін болады. “Сен мені жақсы көресің бе” деп жас кезімізде зб шығаратын едік қой, қазір “мен саған жалпы керекпін бе” деп мұңайтыңды шығарасың. Бұрын тәтті тамақ, сервировка жасап әбігерленетін едік, қазір қолыңнан тамақ жесе бақыттырақ болады», — деді ол.

    Сондай-ақ продюсер күнделікті өмірдегі қарапайым сәттердің де уақыт өте бағаланатынын атап өтті:

    «Съемкадан келгенде аяқтың ұшымен білдірмей жататынмын, қазір “оянып жатырсың ба, мен келдім” деп ұйқысынан тұрғызып аласың. Сосын сен ұйықтайсың, ол ұйықтай алмайды, жас қой. Бірде Бұхарада жүргенде бір күн хабарласпай қойыппын, кешке “қалайсың?” деп жазсам “тірімін” деп жауап қатты. Осы бір сөзде қаншама мән бар екенін сонда түсіндім. Не болса да қосақтарымыз қасымызда жүрсін, қайтып баратын әке-шешеміз де жоқ көбіміздің. Айланың атасының барына шүкір деп күбірлеп қоясың», — деп түйінделі продюсер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →