Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді •

    Астанада ауқымды экологиялық айлық басталады

    Астанада ауқымды экологиялық айлық басталады

    Астанада «Таза Қазақстан» атты ауқымды экологиялық айлық басталады. Оның аясында елордада «Таза қала» жалпы атауымен бірқатар абаттандыру шарасы өткізіледі. 11 сәуір күні қала бойынша тазалық пен абаттандыру акциялары ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    Бұл күні елорда аумағында санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп, қоқыстарды жинау, саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үй аулаларын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар, қоғамдық тамақтану орындары және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары атқарылады.

    Әкімдік кәсіпорындарды, мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ), шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қала тұрғындарын экологиялық акцияға белсене қатысып, ортақ іске үлес қосуға шақырады.

    Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғам назарын қала тазалығын сақтау мәселесіне аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Әрбір тұрғын мен ұйым қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға үлес қосып, оны таза, қолайлы әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етуге атсалыса алады.

    #ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →