ҚазҰУ-дағы дау: студент қыздардың жүктілігі туралы мәліметтер желіге тарады

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үлкен дау шықты: студенттердің жеке және құпия медициналық деректері интернетке тарап кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бастапқы мәліметтерге сәйкес, университет ішінде студенттер туралы арнайы анықтамалар жасалған. Бұл құжаттарда олардың диагноздары, жүктілігі туралы ақпарат және басқа да құпия мәліметтер көрсетілген. Анықтамалар алдымен қызметкерлерге таратылғанымен, кейіннен желіде еркін таралымға түскен.

Оқу орнының басшылығы бұл ақпараттың тек қызметтік мақсатта, яғни төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін жиналғанын мәлімдеді. Ақпараттың таралуына нақты кімнің жол бергені әзірге белгісіз. Университет басшылығы ішкі тексеріс бастап, прокуратураға шағым түсірді.

Қадағалау органы бұл жағдайға құқықтық баға берілетінін хабарлады. Егер заңбұзушылық расталса, кінәлілер тиісті жауапкершілікке тартылады.

Видеодан алынған кадр: Astana Tv

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика