Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Сарыөзен бойынан 1600-ден астам киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, қысқы миграциядан кейін әлсіреген киіктердің өлуі – жыл сайын көктемде қайталанатын табиғи құбылыс. Кейбір жылдары олардың саны бес мыңнан асқан кездер де болған. Қазіргі уақытта жануарлардың өлексесін жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дегенмен, киіктердің нақты неден қырылғанын және олардан төнетін қауіптің бар-жоғын анықтау үшін арнайы мамандар жұмыс істеуде. Олар жануарлардан тиісті сынамаларды алып, ветеринарлық зертханаға жіберді. Тексеру қорытындысынан кейін нақты себебі белгілі болады.
Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Орал киік популяциясының саны екі миллион үш жүз мыңға жеткен. Алдағы аптада өңірде жануарларға қайта санақ жүргізіліп, олардың нақты саны анықталмақ.
Фото: Әлеуметтік желіден
