«10 келі салмақ қостым»: Құралай Анарбекова жан сырын ақтарды

Фото: видеодан скрин

Актриса Құралай Анарбекова сырт келбетіне қатысты мәлімдеме жасады.  Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.

«Маған сырт келбетіме қатысты айтылатын сынды оқу ауыр. Иә, мойындаймын 10 келі салмақ қосып алдым. Менің өзіме де ұнамайды, киімдерім сыймайды. Бұрынғыдай жарқын киіне алмайтын болдым. Мен өзім толықтағым келеді деп салмақ қосқан жоқпын. Өздеріңіз білетіндей, бір жыл бұрын тұрмысқа шығып, ана атандым. Оның бәрі бекер болмайды. Салмақ қосып аласың», — деді актриса ағынан жарылып.

Сондай-ақ Құралай Анарбекова арықтау үшін челлендж бастады. Ал желі қолданушылары актрисаға қолдау көрсетті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика