Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы көптен бері жалғасқан қарулы қақтығысты тоқтату туралы тарихи келісімді құптады. Бұл бітімге Пәкістанның белсенді араағайындық етуінің нәтижесінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ақорданың хабарлауынша, бұл маңызды келісімнің жүзеге асуына Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Асим Мунирдің тікелей атсалысуы септігін тигізген. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иранның жоғарғы басшылығының оң қадамдары мен парасатты ұстанымы шешуші рөл атқарды.
Мемлекет басшысы бұл бітімгершілік келісімнің ұзақмерзімді болатынына және жаһандық сауданың дамуына, сондай-ақ барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне оң ықпал ететініне сенім білдірді.
Фото: Әлеуметтік желіден
