Трамп мәлімдеді: АҚШ Иранға соққы беруді екі аптаға тоқтатады

Америка Құрама Штаттары мен Иран екі аптаға созылатын уақытша бітімге келді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Пәкістан премьер-министрімен сөйлескеннен кейін Иранға соққы беруді екі аптаға тоқтатуға келіскенін жазды. Оның айтуынша, уақытша бітім екіжақты сипатта болады.

«Біздің барлық әскери міндетіміз артығымен орындалды. Вашингтон Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алды, бұл – келіссөздерді бастауға толық негіз», — деп атап өтті Трамп.

Трамптың осы мәлімдемесінен кейін Иран тарапы АҚШ-ты жеңгенін жариялап, келіссөздердің басталатынын растады. Кездесу 10 сәуірде Пәкістан астанасында өтеді. Тараптар екі апта бойы келіссөз жүргізеді, қажет болса, бұл мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.

Фото: MicroStockHub/Getty Images

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика