Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды •

    Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтегі тағынан түсті

    Допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлы беделді Boxrec рейтингіндегі бірінші орнынан шеттетілді. "Qazaq Style" енді дивизион көшбасшысы емес.

    Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтегі тағынан түсті
    file_800.jpg

    Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты беделді Boxrec рейтингіндегі бірінші орнынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Boxrec порталы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл өзгерістен кейін дивизионның көшбасшысы кубалық Эрисланди Лара болды. Екінші орынға доминикандық Карлос Адамес жайғасса, үздік үштікті британиялық Конор Бенн түйіндеді.

    Осылайша, кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Әлімханұлы Boxrec нұсқасы бойынша дивизиондағы бірінші нөмірлі боксшы мәртебесінен айырылып отыр.

    Еске салсақ, 6 желтоқсанда үш титул үшін өтуі тиіс жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғаны белгілі болды. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшының сынамасы оң нәтиже бергенін ресми растап, тергеу жұмыстарын бастаған еді.

    Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →