Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) •

    Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

    Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

    Фото: видеодан скрин

    Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев жоғалып кетті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

    Ондағы мәліметке қарағанда, Баир Сиқымбаев 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шығып кеткен. Содан бері хат-хабар жоқ.

    – Бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа әрі қара түсті, көзі қоңыр. Үстінде қара түсті спорттық костюм болған, — делінген хабарламада.

    Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

    – Медеу аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша іздестіру жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда ер адамды іздеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек Kazinform тілшісіне.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →