Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкомен кездесіп, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл екі теннисшінің өзара 17-ші кездесуі еді. Осы ойыннан кейін олардың арасындағы есеп 10:7 болып, Арина Соболенко алға шықты.
Турнирдің екінші жартылай финалында америкалық теннисші Кори Гауфф чехиялық Каролина Мухованы 6:1, 6:1 есебімен оңай ұтты. Енді беделді турнирдің финалында Гауфф пен Соболенко бас жүлдені сарапқа салады.
Майамидегі сәтті өнерінің арқасында Кори Гауфф WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, польшалық Ига Швёнтекті орнынан ығыстыратын болды.
Фото: Әлеуметтік желіден
