Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Ақтөбедегі жойқын жол апаты: бес адам оқиға орнында көз жұмды

    Ақтөбе облысының Байғанин ауданында ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, бір адам ауруханаға түсті.

    Ақтөбедегі жойқын жол апаты: бес адам оқиға орнында көз жұмды
    file_670.jpg

    Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан.

    Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

    Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →