Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме •

    Көкшетауды тағы су басты: Көпқабатты үйлердің алды көлге айналды

    Көкшетауды тағы су басты: Көпқабатты үйлердің алды көлге айналды
    Фото: видео скриншот

    Көкшетау қаласында коммуналдық мәселелер тағы да тұрғындардың ашуын туғызды. Абылай хан даңғылы, 24-үйдің маңында қар еріген су жиналып, көпқабатты үйдің айналасы түгел көлге айналған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындардың айтуынша, су бірнеше күннен бері тартылмай тұр. Жаяу жүру мүмкін емес, ал көліктер батпақ пен суға батып, ауладан шығу қиындаған. Әсіресе, балалар мен қарттарға қозғалу қиын болып қалған.

    Мұндай жағдай Көкшетауда жыл сайын қайталанады. Соған қарамастан, қала әкімдігі көктемгі су тасқынына дайындықты әлі күнге дейін дұрыс ұйымдастыра алмай келеді деген сын айтылып жатыр. Қарапайым арық жүйесі мен су бұру мәселесі шешілмей, тұрғындар тағы да қиындық көріп отыр.

    Жергілікті халық жауаптылардан нақты шара қабылдауды талап етеді. Өйткені әр көктем сайын қайталанатын бұл мәселе уақытша емес, жүйелі проблемаға айналған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →