Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер •

    Елордада бір отбасының үш ұрпағы референдумға бірге қатысты

    Елордада бір отбасының үш ұрпағы референдумға бірге қатысты

    Жалпыұлттық референдум күні 373 сайлау учаскесіне Ахметовтар отбасының үш буыны — ата, әке және немере бірге келді. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық бірлікті және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды айқын көрсетті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Отбасы мүшелерінің айтуынша, маңызды қоғамдық-саяси науқандар кезінде учаскеге бірге келу — олардың қалыптасқан дәстүрі. Әсіресе бұл күн немере үшін есте қаларлық сәтке айналды, өйткені ол алғаш рет осындай маңызды үдеріске қатысып отыр.

    “Бүгін біз үшін маңызды күн. Еліміздің болашағына әсер ететін мәселелер қаралып жатыр. Сондықтан учаскеге отбасымызбен бірге келдік. Немерем үшін бұл — алғашқы таңдау, алғашқы үлкен қадам, — деді ақсақал Ахметов Амангелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →