Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті •

    Рыбакина тағы да Соболенкомен кездеседі: финалда ескі қарсыластар

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Ол шешуші ойында ескі қарсыласы Арина Соболенкомен кездеседі.

    Рыбакина тағы да Соболенкомен кездеседі: финалда ескі қарсыластар
    file_636.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) беделді WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жартылай финалдық кездесу тартысты өтті. Екі сетке созылған ойында қазақстандық спортшы украиналық Элина Свитолинаны 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

    Енді Рыбакина шешуші бәсекеде әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкомен кортқа шығады. Бұл теннисшілердің арасындағы текетірес жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.

    Себебі бұған дейін Елена дәл осы Соболенконы Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) финалында жеңіп, тарихи жеңіске жеткен болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →