Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты

    Иранға қарсы әскери операция тек бір жағдайда ғана аяқталуы мүмкін – Трамп

    Иранға қарсы әскери операция тек бір жағдайда ғана аяқталуы мүмкін – Трамп

    Фото: aif.ru

    Америка президентінің бұл туралы ой-пікірін Report агенттігі жазды. Онда Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы алға қойған мақсаттарға жеткенше жалғасатынын айтқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    – Біз жұмыс аяқталмайынша кетпейміз. Бұл өте жылдам болады, – деді ол.

    Америка көшбасшысы соңғы 11 күнде АҚШ күштері «Иранды іс жүзінде жойды» деп мәлім етті. Сонымен қатар, Иранда енді радарлар мен әуе қорғанысы жоқ екенін жеткізді.

    Трамп Тегеран ұшырған зымыран мен дрондардың саны қақтығыстың алғашқы күндерімен салыстырғанда 85-90%-ға қысқарғанына да тоқталды. Мұнан өзге, Иран әскери-теңіз күштерінің 58 кемесі жойылғаны сөз болған.

    Әскери сарапшылар да әрдайым «АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы қандай жағдайда аяқталуы мүмкін?» деген сұраққа жауап іздеп келеді.

    Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескерткен еді.

    – Егер Иран Ормуз бұғазындағы мұнай ағынын тоқтататын кез келген шара қолданса, АҚШ оған бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді, – деп қорқытты ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →