Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    «Дуэт айтқым келеді»: Төреғали Төреәлі жас таланттарға ұсыныс тастады (ВИДЕО)

    «Дуэт айтқым келеді»: Төреғали Төреәлі жас таланттарға ұсыныс тастады (ВИДЕО)
    Фото: toregali.toreali/instagram

    Танымал әнші Төреғали Төреәлі ел арасынан жас талантты іздеп, оны эстрада сахнасына шығарып, дуэт орындауға ниетті екенін жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұл туралы әнші өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды:

    «Құрметті достар! Көңілімде көптен бері жүрген бір ой бар. Мен еліміздің жас әрі талантты әншілерінің бірімен дуэт айтқым келеді. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат. Егер менімен дуэт айтқыңыз келсе, сізге осындай мүмкіндік бар. Біз бірге жаңа ән жазып, бейнебаян түсіретін боламыз. Ұшақ билеті, тұру және түсірілім шығындарын мен өз мойныма аламын. Сізден тек жүректен шыққан әдемі ән керек», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

    Сонымен қатар, әнші композиторларға да үндеу жасады:

    «Егер сіздерде жақсы әндер немесе әуендер болса, өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер. Келіңіздер, бірге халықтың рухын көтеретін, жүректерге жететін, елге сүйікті болатын жаңа ән жасайық. Сіздерді өнер жолында бірге кездескенше күтемін!»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →