Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирра Андреева Елена Рыбакинамен айырмасын 1393 ұпайға қысқартты • Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Мирра Андреева Елена Рыбакинамен айырмасын 1393 ұпайға қысқартты • Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды •

    Қарағандыдағы турнирде 18 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, комаға түсті

    Қарағандыдағы турнирде 18 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, комаға түсті

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінде 18 жастағы спортшы Арслан Атымтаев ауыр жарақат алып, комаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жекпе-жек барысында басынан ауыр соққы алған, деп жазады inbusiness.kz cайты.

    Туыстарының айтуынша, қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданғанымен, жекпе-жек уақытында тоқтатылмаған.

    «Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі болған жоқ, тіпті оны шақыруға да әрекет жасалмады. Зардап шеккен спортшыға шұғыл медициналық көмек көрсетілмеді. Оны омыртқасын бекітпей алып шыққан, кейін медициналық тасымалдау талаптары сақталмастан жеңіл көлікке отырғызып әкеткен», – дейді спортшының туыстары.

    Жақындарының пікірінше, болған жағдайға жарысты ұйымдастырушылар мен жаттықтырушы да жауап беруі тиіс.

    Ал Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабы (“Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →