Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бас прокуратура Нұрлан Сабыровқа қатысты мәлімдеме жасады

    Бас прокуратура Нұрлан Сабыровқа қатысты мәлімдеме жасады
    Фото: vk.com/nurlan.saburov

    Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары бұл мәселеге қатысты сұраққа жауап беріп, жағдайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті зерделеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың ресейлік «Вагнер» жасағына қолдау көрсеткені туралы ақпарат тараған. Айтылады, комик әскери құрылым өкілдеріне 10 эндуро-мотоцикл сыйлап, соғыс қорына 2 млн рубль аударған.

    Заңгерлер бұл әрекеттер расталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалы жeндеттік») бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін айтуда. Аталған бап 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

    Сондай-ақ, бұған дейін Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →