Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Тағы бір қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

    Тағы бір қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

    Фото: ppz.kz

    Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бір сатыға көтеріліп, 10-орынға жайғасты. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина әлемнің үздік 10 теннисшісінің қатарына қайта оралды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Үздік ондықтың қатарына қайта кіруге Аннаның Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнері себеп болды. Ол бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста финалға дейін жетті.

    Мельбурндегі турнир аяқталғаннан кейін Данилина рейтингтің 11-сатысында тұрған еді. Алайда өткен апта ішінде ол былтырғы ұпайларын қорғай алмаған латвиялық Елена Остапенкодан озып кетті.

    Осыған дейін, 2025 жылдың маусым айында «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққаннан кейін Анна Данилина жеке рекордын жаңартып, әлемдік рейтингтің 8-орнына дейін көтерілген болатын. Ал өткен маусымды қазақстандық теннисші 15-орынмен аяқтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →