Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы • Байлыққа салынатын салық: Қазақстан халықаралық тәжірибеден нені ескеруі керек? • «Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы • Жалақы салығын бір батырмамен есептеу: жеңілдік пе, әлде бақылау ма? • Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді • WTA Мирра Андрееваның Арина Соболенконы жеңуіне жауап берді • Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы • Байлыққа салынатын салық: Қазақстан халықаралық тәжірибеден нені ескеруі керек? • «Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы • Жалақы салығын бір батырмамен есептеу: жеңілдік пе, әлде бақылау ма? • Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді • WTA Мирра Андрееваның Арина Соболенконы жеңуіне жауап берді •

    Пәкістандағы қанды жұма: Мешіттегі жарылыстан 30-дан астам адам мерт болды

    Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте жанкешті лаңкес өзін жарып, 31 адам қаза тапты. 169 адам жараланған. Тоқаев көңіл айтты.

    Пәкістандағы қанды жұма: Мешіттегі жарылыстан 30-дан астам адам мерт болды
    file_407.jpg

    Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте болған жарылыстан 30-дан астам адам қаза тауып, 170-ке жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жергілікті полицияның мәліметінше, жанкешті лаңкес мешітке кіреберісте тоқтатылғаннан кейін өзін-өзі жарып жіберген. Соңғы деректер бойынша, қайғылы оқиғадан 31 адам көз жұмып, 169 адам түрлі дене жарақатын алған.

    Әзірге лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

    Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →