Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Маған Changan көлігін бер»: Күйеу жігіт неке қияр сәтте тойды тоқтатты

    Неке қию рәсімінде қалыңдық мәһрге қымбат көлік сұраған. Күйеу жігіт бұл талапты естіген соң үнсіз орнынан тұрып, тойдан кетіп қалды.

    «Маған Changan көлігін бер»: Күйеу жігіт неке қияр сәтте тойды тоқтатты
    file_406.jpg

    Әлеуметтік желіде неке қию рәсімі кезінде күйеу жігіттің тойды тоқтатып, шығып кеткен сәті тарады. Бұған қалыңдықтың мәһрге қымбат көлік сұрауы себеп болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жарияланған видеода имамның жас жұбайларға мәһрдің маңызы мен ең төменгі мөлшерін түсіндіріп жатқанын көруге болады. Имамның сөзінше, шариғат бойынша мәһрдің ең азы 4,25 грамм алтынға, яғни шамамен 150 мың теңгеге тең.

    Осы сәтте қалыңдық сөзге араласып, өзінің талабын жеткізеді.

    «Маған мәһрге Changan көлігі керек», — дейді ол.

    Қалыңдығының бұл сөзін естіген күйеу жігіт бір ауыз сөз айтпастан, үн-түнсіз орнынан тұрып, бөлмеден шығып кетеді. Оның бұл әрекетіне жиналғандар да, қалыңдықтың өзі де аң-таң болып қалған.

    Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік қалыңдықты «сұранысы тым жоғары» деп сынаса, енді бірі күйеу жігіттің әрекетін «жауапкершіліктен қашу, ер адамға тән емес қылық» деп бағалады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →